29.05.2026
29 мамыр күні Садовое ауылының НОМ-нде 7-сынып оқушылары мемлекеттік тіл пәнінен аралық емтихан тапсырды. Оқушылар пән бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетіп, оқу, жазу, грамматика және ауызша сөйлеу тапсырмаларын орындады. Емтихан тыныш әрі ұйымдасқан жағдайда өтті.